389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақжайық жастары Тұңғыш Президент – Елбасыға алғыс сезімін білдірді

  • 769
  • UPD: 09:13, 21.03.2019

Батыс қазақстандық жастар Тұңғыш Президент атындағы алаңда Елбасын қолдауға арналған шара өткізді. Мақсат –  тәуелсіз ел жастарының болашағы үшін талай іргелі істердің бастауында болған Ұлт көшбасшысына жастардың алғыс сезімін жеткізу. 

 Талғат Серікқалиұлы, тілші:  

- Кемел келешектің кілті талапшыл да білікті жастардың қолында десек, осынау тарихи сәтте олардың да айтары бар әрине. Бүгін барша Ақжайық жастары қазақ мемлекетінің тұңғыш президентіне өз алғыстарын білдіріп жатыр. Қазіргі жас буын үшін Нұрсұлтан Назарбаев нағыз Ұлт көшбасшысы, Тәуелсіз мемлекеттің берік іргетасын қалаушы, үлкен өмірге жолдама берген тұтас бір дәуірдің көрнекті өкілі десе болатындай. Ал алаңдағы акция – біздің тарихи тұлғаға деген шынайы алғысымызды білдірудің бір жолы.     

Жандос Сұңғатов,  қала тұрғыны:– Елбасының шешімін өз басым өте бір толқулы күйде, қимастық сезіммен қабылдадым. Себебі елбасы әрқашан жастарды назарында ұстап, жастардың болашағы олардың өсіп-өркендеуі үшін көптеген жағдайлар жасап келді. Көптеген жастарға арналған бағдарламалар, жобаларды жүзеге асырды. Биылғы 2019 жылды Жастар жылы деп бекітті. Осының өзі елбасының жастарға деген қолдауының ерекше екендігінің белгісі.     

Сұлушаш Жұмабаева, студент: 

- Әрі қарай еліміз дамып, елбасының өзі айтқандай қазір бой жарыстытарытн заман емес, ой жарыстыратын заман демекші, жастарымыз әлі де ұлтшыл болып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосарына мен сенемін. Әрине қимастық сезім бар. Бірақ дегенмен мен еліміздің болашағы жарқын болуы үшін біз жастар әлі де еңбектенуіміз керек.   

Бүгін аймақтағы барша белсенді жас әлеуметтік желіде өз ойларын «елбасыменбіргеміз» хештегі арқылы білдіруде. Бір ұққанымыз – ел өміріндегі елеулі сәттер жастарды да бей-жай қалдырған жоқ. Бұл кейінгі жас толқынға зор үміт артқан елбасы сенімінің орындала бастағанының айқын айғағы дейді сарапшылар.      

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы