384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр Отан» партиясының жастар қанаты арнайы акция ұймдастырды

  • 780
«Нұр Отан» партиясының жастар қанаты арнайы акция ұймдастырды

Қазақстан - қызғалдақтың отаны. Қазақ жерінде жайқалған жабайы қызғалдақ тұқымы өзге елдерде қолдан өсіріледі.

Наурыз мейрамына орай «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты арнайы акция ұймдастырды. Олар Елорда аруларына қызғалдақ сыйлап, Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында   «Бұл əсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз əдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, бүкіл əлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі», - деп жазған болатын.

Даулет Карабек, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы:

- Мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, біздің азаматтармызыды мерекемен құттықтай отырып, қызғалдақты Қазақстанның ұлттық брендіне және біздің қазақ халқының мақтанышына айналдыруды көздеу себебімен таратудамыз. Осы эстафетаны Алматы қаласының жастарына, алматылық «Жас Отандықтарға» жолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы