384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік жұрты наурызек құсы келген бойда Ұлыстың ұлы күнін тойлайды

  • 978
  • UPD: 11:38, 21.03.2019

Оңтүстік жұрты Наурызек құсы келген бойда Ұлыстың ұлы күнін тойлауды бастайды. Көктемнің хабаршысындай болған құсты шығыс халықтары асыға күтеді.

Түркістандық Таскүл Махмудова «наурыз – Наурызек келген соң басталады» дейді. Жасы 70-тен асқан апамыз тіршіліктің бастауына айналған көктем мерекесінің мән-маңызы мен наурыз көженің жасалу ерекшелігі жайында келіндері мен немерелеріне үйретіп отырады.

Таскүл Махмудова соғыстан кейінгі буынның өкілі. Бала кезінде ата-әжелерінің наурызды ағаш егіп, айналаны тазартудан бастағанын талай көрген. Сондықтан немере-шөберелеріне де тал еккізіп, табиғат ананы аялауды үйретеді.

Шум!!! Көгерсін, өссін, өнсін. Жемісін жейсіңдер, сонда айтасыңдар! «Наурыз күні апаммен отырғызып едік, мінекей қандай тәтті өркі болды» деп! Су құяды.

Жаһангер Мамуров, таскүл махмудованың немересі:

- Наурыз – біздің отбасымыздың ерекше мерекесі болып саналады. Біз әр наурызда апамыздың көжесін сағынып, апамыздың үйіне барлық отбасымызбен жиналып, ағаш егіп, ауламызды жинастырып, әр наурызға жеткенімізге қуанып, неше түрлі жақсы әңгімелер айтылып, наурыздан-наурызға аман-есен жете берейік.

Ұлыс күні Махмудовтар отбасы түгел Таскүл апаның шаңырағына жиналады. Құда-құдағи, көрші-қолаң да қалмай келеді. Көрісіп, аман-саулық сұрасады.

Наурыздың басты дәмі – наурыз көже. Ол тоқшылық пен ырыстың  жоралғысы ретінде дастарханға өзгеде ұлттық тағамдармен бірге міндетті түрде қойылады. Таскүл апа наурыз көжені жылда өзі дайындады. Қасына келіндерін алып, үйретіп отырады.   

Таскүл Махмудова, зейнеткер ұстаз, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

- Жеті нәрсені қосып, жерден өсетін дәнді дақылдарды, ақ мол болсын дегені айран болар, құрт болар, көмек қатып, қыстан қалған соғымның сыбағасын қайнатып, осындай бір тәтті көжені жылда бала-шағамызбен жейміз. Балаларым, немерелерім кей кезде  наурыз көже бар ма деп сұрайынды. Себебі ішіп үйренген. Бұл біздің ұлттық тамағымыз, бұнымен біз мақтанамыз.

Төрт көзі түгел дастархан басына жиналғанда Таскүл апа ұлық мерекенің мән-маңызы мен ерекшелігі жайына тағылымды әңгіме өрбітіп, немере-шөберелерінің құлағына құяды.

Қазақ «Қариясы бар үйдің - қазынасы бар» деп тегін айтпаған. Үлкенді сыйлау, кішіге құрмет көрсету, жоқ-жітікке қамқор болу, ұлттық құндылықтарды ұстану - бұл шаңырақтың жазылмаған заңы.  

Балаларым, немерелерім, құдайға шүкір, наурызға жеттік. Наурыз деген үлкен халықтық мейрам. Жаңа ағаш ектіңңдер, гүл ектіңдер, аула тазаладыңдар, әктедіңдер, ағарттыңдар, соның барлығы біз наурызға жаңару үшін! Мен сіздерге бата берейін. Алла-тағала несібелеріңді кем қылмасын, бір-біріңді құрметтеп, қадірлеп, мына отырған дартарханды кірлетпеңдер, дендерің сау болсын. Әумин!

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы