376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде мешіттер мен кәсіпкерлердің бірлескен қайырымдылық шарасы өтті

  • 152
  • UPD: 11:24, 21.03.2019
Семейде мешіттер мен кәсіпкерлердің бірлескен қайырымдылық шарасы өтті

Семейде қала мешіттері мен кәсіпкерлері бірігіп,  «Дін – мемлекет тірегі» деп аталатын қайырымдылық шарасын өткізді.

Басты мақсат Наурыз мерекесінде көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қолдау білдіру. Ұн, макарон және көкөніс өнімдері, күнбағыс майы, күріш сияқты барлығы 16 тонна азық-түлік өнімдері тегін таратылды. Игі шараның шарапатын 500-ге жуық тұрғын көрді. Мешіт жамағаттары былтыр Аягөз қаласында су тасқынынан зардап шеккен екі тұрғынға баспана алып беріп, ақшалай-заттай көмектескенін атап өткен жөн. Мұндай акция әлі де жалғаса береді дейді ұйымдастырушылар.

Марал Жүнісова, көп балалы ана:

- Берген көмектеріне рақмет, жамағатқа! Алла разы болсын, мешітке, зекет қорына! Дастарқанымыз жайнап тұрады, мол болады. Қазір балаларымыз отыр тосып бізді жәутеңдеп. Бәріне дастарқан мол болсын, елімізде тыныштық болсын, әр отбасына денсаулық, жұмыстары сәтті болып, жемісті болсын! Осындай жамағат көбейе берсін, жақсылық істейтін әр адамға, Қазақстанға.

Мақсат Қажы Алтыбай, ҚМДБ өкіл имамы: 

- Біз енді адам баласының басында бір жағдай болса, су тасқыны, табиғи апаттар болса көмек қолоын созамыз ғой. Биыл енді Наурыз мерекесінің қарсаңында, мереке алдында халқымыздың дастарханы мерекелік дастархан болсын деген ниетпен бұған ат салысқан адамдар өздерінің аттарын атамауды ұсынды. Дегенмен де Мұздыбай шаруа қожалығы қаламыздың шетіндегі және мешітімізге жанашыр жамағаттары азық-түліктей қол созып отыр. Садақа бәле-жаланы қайтарады, өмір жасты ұзартады дейді.

Хабар 24 телеарнасы