389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да кәсіпкерге Тұңғыш Президенттің алғыс хаты табысталды

  • 691
БҚО-да кәсіпкерге Тұңғыш Президенттің алғыс хаты табысталды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов оралдық кәсіпкер Біржан Қожақовқа Тұңғыш Президент атынан жолданған алғыс хатты табыс етті.

Біржан Қожақов осыдан он шақты жыл бұрын полицияда қызмет етіп жүрген кезінде қос аяғын үсітіп алады. Арбаға таңылса да тағдыр сынына мойымаған жан кейін жеке кәсібін ашып, тұрмыстық жиһаз жасайтын цехты іске қосты. Қазір оның шағын цехында 35 адам еңбек етеді. Соның 21-і мүмкіндігі шектеулі жан. Кәсіпкер соңғы жылдары сал ауруына шалдыққан балаларға көмегі ұшан-теңіз аппараттарды жасап, мұқтаж жандарға тегін таратып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің алғыс хатында Біржан Қожақовты ұлтжандылығы мен елдің әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірген. Қайырымды кәсіпкер де өзінің қол жеткен барлық табыстарын Тұңғыш Президент жүргізген реформалардың жемісі деп санайды.

Біржан Қожақов, кәсіпкер:

- Тұңғыш президентіміз осы біздің Қазақстанды бүкіл елге паш етті. Ол кісінің еңбегі өте көп, алғысымыз шексіз. Осы тіпті совет өкіметі құлғанғада Қазақстан жаңадан үкімет болғанда ештеңе болмады ғой, халықта қарапайым жейтін нан да болмады. Осының бәрін көтеріп Елбасы қазір қандай мемлекет болды? Бүкіл мемлекет біледі Қазақстан қандай екенін. Ол біздің ең тұңғыш Президентіміз, Нұрсұлтан Әбішұлына алғысым шексіз.

Хабар 24 телеарнасы