379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Наурыз шеруі» өтіп жатыр

  • 189
  • UPD: 13:32, 21.03.2019

Күн мен түн теңелген қасиетті Наурызды Алматы жұрты да думандатып тойлауда. Биыл алғаш рет қалада дәстүрлі мерекеге орай «Наурыз шеруі» өтуде.

Жалпы-халықтық шараның жаңа форматы туралы әріптесім Аршын Кемелжан тікелей байланысқа шығып айтып береді. Қайырлы күн Аршын! Наурыз шеруі қалай өтіп жатыр, халық қанша шақырымды жаяу жүріп өтпек?

Қайырлы таң Астана! Келіп жеткен Наурыз мерекесі құтты болсын! Түркі халықтарына ортақ жаңа жылдық мереке Алматыда басталып кетті. Биылғы жаңалықтардың бірі – наурыз шеруі. Мерекенің ажарын ашу үшін Қыдыр ата мен Жер ана шеруді бастады. Оны ұлттық киім киген қатысушылар дабылдатып, думандатып, сахналанған көрініспен жалғады. Жалпыхалықтық шеру бір сағат бұрын Абай даңғылы бойындағы Қазақ мемлекеттік циркі алдынан басталды. Қазір Абылай хан даңғылымен түсіп келе жатырмыз. Көш сән-салтанатымен Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театры алдында мәреге жетеді. 

Нұржан Әбубәкір, театр және кино актері:

- Шерудің құрамында Алматы қаласының мәдениет мекемелері,  ұлттық-мәдени орталық өкілдері, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары,  саятшы-бүркітшілер, қазақ тазысын баптаушылар және  қала тұрғындары бар. Жалпы саны, мұнда 2000-ға жуық адам келе жатыр. Ал ертең Астана алаңында, Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысында және Алматы Арена спорт кешенінде қалалық наурыз мейрамы қанатын кеңге жаяды. Мереке қонақтарына отыз мың литр наурыз көже мен отыз тонна бауырсақ таратылмақ.

Хабар 24 телеарнасы