379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Такемото: Назарбаев Қазақстанды жетістіктерге жеткізді

  • 160
  • UPD: 12:58, 21.03.2019
Н.Такемото: Назарбаев Қазақстанды жетістіктерге жеткізді

Қазақстанның Тұңғыш Президентін жапондық саясаткерлер бейбітшілікті насихаттаушы  бітімгер ретінде таниды.

Жапония Парламенті өкілдері осындай пікірде. Бүгінде Қазақстан Батыс елдері, Орталық және Шығыс Азиямен тығыз қарым-қатынас орнатты дейді сарапшылар. 

Наокадзу Такемото, Жапония парламенті өкілдер палатасының мүшесі:

- Қазақстанның Тұңғыш Президенті елдің дамуы үшін аянбады. Мемлекетті тамаша жетістіктерге жетеледі. Оған қоса әлемдегі бейбітшілікті насихаттауда қомақты үлес қосты. Жапония парламентарийлері Назарбаев билікке келген кезде ядролық қарусыздану саласында орасан жұмыс атқарғанын жақсы біледі. Сол себепті осыдан бірнеше жыл бұрын мен, және менің әріптестерім Нұрсұлтан Назарбаевқа Нобельдің бейбітшілік сыйлығын табыстау жөнінде бастама көтерген болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы