379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетаудағы М.Горький көшесі Н.Назарбаев даңғылы болып өзгертіледі

  • 200
  • UPD: 16:32, 21.03.2019
Көкшетаудағы М.Горький көшесі Н.Назарбаев даңғылы болып өзгертіледі Mapio.net

Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласындағы М.Горький көшесінің атауы енді Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгертіледі.

Бұл мәселе кеше қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында көтерілді. Жиында депутаттар Президент Қ.Тоқаевтың бастамасын бірауыздан қолдап, дауыс берді. Қалалық мәслихаттың аталған ұсынысы облыстық мәслихатқа жолданды. Тәртіп бойынша онан соң бұл ұсыныс ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.

Айта кетейік, қазіргі М.Горький көшесі қаланың қақ ортасында орналасқан. 

Авторы: Дамир Берікұлы

Хабар 24 телеарнасы