389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бақыт Сұлтанов: Елорда атауын өзгертуде шығындар минималды болады

  • 1369
  • UPD: 15:24, 22.03.2019

Бас қала атауын өзгерту бюджетке айтарлықтай салмақ салмайды.

Шығындар минималды болады. Өйткені құжаттарды жаппай ауыстырудың қажеті жоқ. Сосын «Астана Опера», «Астана Арена» сияқты ғимараттардың атауы да өзгермей, сол күйі қалады. Бұл жөнінде елорда әкімі Бақыт Сұлтанов біздің арнаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұған қоса қала басшысы астаналық деген сөз де қолданыстан түбегейлі алынбайтынын алға тартты.

Бақыт Сұлтанов, қала әкімі:

- Астана және астаналық деген – қалыптасқан бренд. Сондықтан бір-бірімізді астаналық деп айта берейік. Мен Нұрсұлтан қаласының тұрғынымын, Нұрсұлтан қаласынан келдім, мен астаналықпын деп айтқан бәріне түсінікті болады. Сондықтан осы брендті сақтап, бір-бірімізді астаналық дей берейік. Атауларға келсек, оның бәрі қалыптасқан брендтер. «Астана Опера», «Астана Арена», басқа да мекемелер атаулары қала береді және де қазір бәрін тастап, таблицалардың аттарын өзгертіп, тіпті, паспортты өзгерту қажет емес.

Хабар 24 телеарнасы