389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуге басымдық беріледі

  • 531
  • UPD: 23:16, 21.03.2019
Ақтөбеде бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуге басымдық беріледі

Елбасының ұйытқысымен елімізде ашылған заманауи білім ордалары бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеудің қамы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл орайда Назарбаев зияткерлік мектептерін бөле-жарып атауға болады. Оқу бағдарламасы озық, оқушылары шетінен озат. Талай халықаралық білім сайыстарында топ жарып жүр. Мәселен, Ақтөбеде орналасқан филиалында «Болашақ» бағдарламасының 7 түлегі мен Назарбаев университетін тәмамдаған 8 ұстаз сабақ береді.

Сабыржан Сәдуақасов, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

- Екіншіден, Назарбаев университеті. Мысалы, шетелге шығып қажеті жоқ. Ешқайда шықпай-ақ, Қазақстанда, астанада отырып білім алу, шетелдік үлкен танымал ғалымдардан лекция тыңдау немесе шетелдік үлкен ресурстарға қолжетімді мүмкіндік жасау. Елбасының жасаған еңбегі білім беру саласына деген өте зор.

Хабар 24 телеарнасы