384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тағы ағайын Наурыз мейрамын атап өтті

  • 651
  • UPD: 23:15, 21.03.2019

АҚШ-тың Вирджиния штатында да жұртшылық Наурыз мейрамын тойлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақ диаспорасы ұйымдастырған мерекелік шарада ән шырқалып, ұлттық ойын түрлері көрсетілді. Қазақ дастарханынан дәм татып, тамсанып жатқандар көп. Мерекелік басқосуға Американың өзге де штаттарында тұратын қандастарымыз арнайы барды. Салтанатты шараның шымылдығын «Балауса» балалар хоры ашты. Кейін тұсаукесер рәсімі орындалып, жұртшылық ұлттық ойындарымызға қатысты. Сондай-ақ «Гүлдер» би тобы өнер көрсетіп, қазақстандық шеберлердің қолөнер көрмесі өтті. 

Дархан Нұрмағамбет, қазақ диаспорасының жетекшісі:

- Тағы да қазақтардың басын қосып, Наурыз мейрамын 15-рет тойлап жатырмыз. Қазақтардың саны қосылып жатыр. Вирджинядан, Мэрилендтен, Нью-Йорктен адамдар келіп жатыр. Өлең айтып, би билеп жатырмыз. Келушілерге наурыз көже де дайындадық.

Андрей Шевченко:

- Өзім Қазақстанда туып-өскенмін. Осында отандастарымызды көргеніме ризамын. Арамыз ажырамай, бірге жүргеніміз қандай керемет.

Джони, Вирджиния тұрғыны:

- Менің атым – Джони. Ал бұл менің жұбайым – Дана. Ол Алматы қаласынан. Бүгін Вирджинияда Наурыз мерекесін тойлап отырмыз. Қазақ еліне бейбітшілік пен бақыт тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы