384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар тұрғындары: Қазақстан мен Елбасы – егіз ұғым

  • 509
  • UPD: 23:13, 21.03.2019

Елорданың жаңа атауы халықаралық брендке айналуы тиіс.

Павлодарлықтар осындай пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24». Өйткені Қазақстан мен Елбасы – ажырамас егіз ұғым. Тұңғыш Президент талай экономикалық, қаржылық дағдарыстардан өз жұртын қиындықсыз алып шықты. «Әлем елдерін қыспаққа алған саяси қақтығыстарды бейбіт түрде шешу жолында белсенділік танытты», – дейді жұртшылық. 

Николай Дычко, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

- Бұл біздің жүрегімізді елжіреткен ұсыныс болды. Тұңғыш Президентке деген құрметіміз шексіз. Мен астанамыздың келешекте халықаралық брендке айналатынына кәміл сенемін. Сондықтан оның атын ауыстыруды қолдаймын. Бұл – өте дұрыс шешім. Ұлтына сіңірген еңбегінің жемісі. Құрмет деген осылай болса керек.

Хабар 24 телеарнасы