377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде Н.Назарбаевтың құрметіне флешмоб ұйымдастырылды

  • 177
  • UPD: 23:12, 21.03.2019
Ақтөбеде Н.Назарбаевтың құрметіне флешмоб ұйымдастырылды

Ақтөбелік жастар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған студенттер, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері мен оқушылар қатысты. Қаладағы «Достық үйі» орталығына жиналған жастар би билеп, ән салды. Олар Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше құрметке лайық деп есептейді.

София Айсуакова, флешмоб қатысушысы:

- Менің ойымша, Тұңғыш Президентіміздің көп еңбегі сіңді. Мемлекетімізді әлемге танытты. Ұзақ жыл ел басқарған жанның сол еңбегін елеп, құрмет көрсетуіміз заңды. Әсіресе, біз, жастар ол кісі туралы көп оқып, көп білуіміз керек.

Маржан Бақтыгереева, Қазақстан халқы кіші ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің мүшесі:

- Астанамыздың атын өзгертіп беріп жатқаны Тұңғыш Президентімізге деген құрметіміз. Мінекей, мен ол кезде 37-дегі адам екенмін. Ол кісі елді 30 жыл басқарып тұр. Қазір 67-демін. Қалай қуанбасқа. 130-дан астам ұлт  пен ұлыстың басын қосып, бейбіт ел болғанымызға, аналар ештеңе уайымдамай, тыныш өмір сүріп жатқанымызға ризамыз.

Хабар 24 телеарнасы