389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық диқандар Н.Назарбаевқа разы

  • 429
  • UPD: 01:11, 22.03.2019

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық агроөндіріс кешенін жаңғыртудағы еңбегі зор.

Бұл – қостанайлық диқандардың пікірі, деп хабарлайды «Хабар 24». Соңғы төрт жылда осы Қостанай облысының агроөндірісіне 144 млрд теңге инвестиция тартылған екен. Ал индустрияландыру кезеңдерінде бұл салада 200-дей жоба жүзеге асырылып, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.     

Ыбыраш Естаев, шаруа:

- Ауыл шаруашылығына өте күрделі, өте үлкен жұмыс жасады. Менің білетінім, болат тізгінін қолға алып, өзі субсидия бергізіп, қыруар қаражатты еңбекшілерге берді. Қаламсабын алып шаруаларға, малшыларға осынша ақша, субсидия беру керек, көмек жасау керек, сырт шетелден техника алу керек деді. Осы кісінің үндеуімен бүгін біз үлкен жетістіктерге жетіп отырмыз.

Марат Ахметов, шаруа:

- Осыдан 10 жыл бұрын біз жер көлеміне, ауыл шаруашылығына деген бетбұрыс шамалы болды да, жердің едәуір көлемі егілмей жатты. Ал бүгінгі күні Қостанай облысында пайдаланбай жатқан жер жоқ деп есептейміз. Жанармай арзан бағамен беріліп жатыр. Соның бәрі бізді жоғары деңгейге жеткізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы