389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда киіз үйлердің байқауы ұйымдастырылды

  • 415
Атырауда киіз үйлердің байқауы ұйымдастырылды

Ұлыстың ұлы күнін мұнайлы өңір кең көлемде атап өтуге дайындық үстінде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, облыс орталығында Әз-Наурызды өз дәрежесінде өткізу үшін арнайы мерекелік бағдарлама жасақталған болатын. Бүгін облыс орталығындағы «Бейбарыс» алаңында «Дәріптелген дәстүрім» атты киіз үйлер байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қала бойынша 50-ге тарта киіз үй тігілді. Оның 22-і осы орталық «Бейбарыс» алаңында. Оларды арнайы комиссия қарап, бағалады. Бұл киіз үйлер бүгінгі ұлыстың ұлы күнінде қала қонақтары мен атыраулықтарға қызмет ететін болады. Тізіліп тігілген киіз үйлердің араларында алаңқайлар бар. Ол жерлерде ұлттық ойындар ұйымдастырылып, оны жұртшылық тамашалайтын болады. Ал бүгінгі байқаудың жеңімпаздарының байрағы ертеңгі ұлы мереке күні тапсырылатын болады.

Ғабит Қарекенов, бағалау комиссиясының мүшесі:

– Ең басты талап – киіз үйлердің жасалуы. Яғни оның құрамы жүннен болуға тиіс. Негізгі құрылығысы ағаш болуы және ішкі көрнекілігі маңызды.

Хабар 24 телеарнасы