379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік орманшылар Наурыз мерекесін атап өтуде

  • 182
Семейлік орманшылар Наурыз мерекесін атап өтуде

Семейлік орманшылар араға жылдар салып, Наурыз мейрамын қайта тойлай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әдетте көктемгі қарбалас кезінде мерекені ұйымдасқан түрде атап өтуге мүмкіндік бола бермейтін. Биыл «Семей орманы» табиғи орман резерватының басшылығы киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар толы дастархан жайды. Балалар үшін арнайы алтыбақан жасалды. Ақ бата беріліп, ән мен жыр төгілді. Биыл резерват мамандары үшін атқарар ауқымды шаруалар көп. Әлемде бізден басқа тек Ресей мен Канадада ғана кездесетін қарағайлы орманды қалпына келтіру жұмыстары жыл өткен сайын қарқын алып келеді.

Ғани Көксегенұлы, «Семей орманы» мекемесінің ғылыми бөлім жетекшісі:

– Көктемгі жұмыстарға 3 мың 300 гектар алқап жер дайындалып сол жерлерде, егістік жұмыстары өткізіледі. 18 миллион көшет дайындалды. Қазақстан халқына тілейтінім, бейбітшілік, ашық аспан. Еліміз өркендеп, өсе берсін.

Хабар 24 телеарнасы