377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада көктемгі су тасқынына байланысты құтқарушылардың дайындығы пысықталды

  • 52
Қызылордада көктемгі су тасқынына байланысты құтқарушылардың дайындығы пысықталды

Қызылорда облысының құтқару жасағы көктемгі су тасқынына дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде Сырдарияның деңгейі қалыпты. Сондықтан Сыр өңірінің құтқарушылары мен арнайы техникалар еліміздің өзге өңірлеріндегі топан сумен күрес кезінде шұғыл көмек бере алады. Осы ретте облыстың жедел ден қою жасағының дайындығы тексерілді. Олар дабыл түскен сәттен бастап бір сағат ішінде жиналып, тиісті нысанға аттануы тиіс. Ол үшін 26 құтқарушы мен 7 техника және қайықтар мен су сорғы құрылғылары сақадай-сай тұр.

Саид Молдағараев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Дайындық дәрежесі өте жоғары деңгейде. Бүкіл құтқару құрал-саймандарының бәрі дайындыққа келтірілген. Техникалар жарамды. Мотопомпалардың 100 сағатқа дейін жұмыс істеуге жанармайы дайындалған. Жедел құтқару жасағы 14 тәулікке дейін тамақпен қамтамасыз етілген.

Хабар 24 телеарнасы