379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтар Наурыз мерекесін қалай тойлауда?

  • 143
  • UPD: 12:26, 22.03.2019

Алатаудың етегіндегі Алматы шаһары дәл қазір шабыт пен шаттыққа бөленіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әннен бөлек, дәмге де мән берген қала мерекеге келгендерге 30 тонна бауырсақ пісіріп, таратады деген ақпарат шықты. Қымыз, қымыран да ағылып жатқан көрінеді.

Кешелі бері алматылықтар Наурызды керемет көңіл күймен тойлап жатыр. Ол үшін қала басшылығы тарапынан арнайы мерекелік мәдени бағдарлама әзірленген «Орталық Азиядағы Наурыз» бағдарламасы дәл қазір Алматы және Халық ареналары алдында жалғасып жатыр. Бұл мерекеге әлемнің бірқатар мемлекеті – Түркия, Жапония, Ұлыбританиядан тарихшылар мен этнографтар шақыртылған. Қазір өнер жұлдыздары мен танымал әншілердің қатысуымен ұлттық әндер шырқалып жатыр. Алматы аренада халық көп жиналды. Бұл жерде «Домбыра пати» фестивалі, ұлттық ойындардан жарыс өтіп жатыр. Сонымен қатар қос аренада қала тұрғындары үшін мұз айдынында сырғанақ тебу ұйымдастырылды.

Хабар 24 телеарнасы