379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда ақжаулықты әжелер бауырсақ пісіруден жарысты

  • 167
  • UPD: 12:28, 22.03.2019

Қостанайдың орталық алаңында ақжаулықты әжелер бауырсақ пісіруден сайысқа түсіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бауырсақ пісіруге әркім әртүрлі әдіс тәсіл сайлап келеді. Қазанда қайнап жатқан бауырсақтар бір бірінен ерекшеленеді.

Данияр Сұлтанұлы, тілші:

– Дәл қазір кімнің бауырсағы дәмдірек екенін дөп басып айту қиын. Қазылар алқасына да жеңімпазды анықтау оңайға соқпасы анық. Жалпы мұндағы бауырсақтар өзінің алуан түрлілігімен таңқалдырады. Қатысушылар ши, ақ, шәй, тұш деген бауырсақтардың 8 түрін пісіріп жатыр. Барлығының дәмі тіл үйіреді.

Мұндағы бауырсақтар рецептері бойынша өзіндік пішінімен, иленген нанымен ерекшеленеді. Қамырын ашытып, ашытпай да, сүт, айран қосып пісіре береді. Бір сөзбен әр аспаздың өз құпиясы бар.

Хабар 24 телеарнасы