379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар тұрғындары Наурыз мерекесін ерекше тойлап жатыр

  • 158
  • UPD: 12:29, 22.03.2019

Павлодардың орталық алаңында ұлан-асыр той болып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

– Наурызды тойлауды Ертіс өңірі бастап та кетті. Биылғы мерекеде «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көрініс тапқан тарихи құндылықтар негізге алыныпты. Ежелгі сауда саттықты көрсететін «Жібек жолы» ауылы, «Қазанат» ауылы құрылған. Олар «Алтын адам», «Алма», «Қар барысы», «Қызғалдақ» «Аң стилі» деген атауларға ие болып, тақырыпқа сай безендірілген. Солардың бірі – боз үй. Мұнда жылқы малын қолға үйрету мәдениетіне қатысты көптеген жәдігер қойылған. Мәселен, ат әбзелдері, үзеңгінің бірнеше түрі, қайыстан жасалған тартпалар, өмілдірік, құйысқан, күміспен көмкерілген ертоқым. Олардың бәріне күміс қолданылған. Осыған қарап, біздің бабаларымыз қолөнер, зергерлікті ерте заманда меңгергенін білуге болады. Мынау Ертіс өңіріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қимақ жауынгерінің киімі. Сауық-саймандары, дулығасы бәрі дерлік темірдан жасалған. Аңшылық, саятшылық, ұлттық ойындарға да мән беріліпті.

Ал Наурыз мерекесіне келсек, орталық алаңда 100-ден астам ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Театрландырылған қойылымдар жүріп жатыр. Қыдыр ата орталыққа түйемен келіп халыққа ақ батасын береді. Салт аттылар шеруі, ұлттық ойындар ұйымдастырылады деп жоспарланған. Мектеп оқушылары арасында киіз үй жасау, үздік ұлттық киімдер байқауы өтеді. Ырысы мол мерекеден ешкім де шет қалмасы анық.

Хабар 24 телеарнасы