376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде дәстүр дәріптеліп, ұлттық өнер ұлықталды

  • 165
  • UPD: 13:37, 22.03.2019

Ұлыстың ұлы күнін шығыстағы ел-жұрт биыл ерекше тойлап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекеге орай тігілген киіз үйлер өңірде археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған жәдігерлермен безендірілді. Жиналған жұрт осы көрмені тамашалап, ән мен жыр тыңдады.

Олжaс Керейхан, тілші:

– Ұлыстың ұлы күні биыл өңірде мүлде басқа форматта ұлықталып жатыр. Бір айға созылатын мерекенің алғашқы үш күніне үш түрлі атау берілді. Наурыздың жиырмасын «Дәстүр» ал жиырма бірін «Достық», бүгін «Ұлыстың ұлы күні» аталады. 

Ал басты басымдық Елбасының «Рухани жаңғыру бағдарламасы» мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша өңірде атқарылған жұмыстарды көрсетуге арналды. Ол үшін орталық алаңға 7 киіз үй тігіліп, іші жәдігерлермен безендірілген. Өскеменде өтетін наурыз тойына былтырдан бері ұлттық өнерді насихаттап жүрген азаматтар арнайы шақырлатын болған. Соңғы алты жылда саятшылықты қолға алған Тәттімбет Кәпұлы қолына құсын қондырып, тазысын жетектеп, Үржар ауданынан арнайы келіпті.

Наурыз – дәстүрді дәріптеп, жақсылықты жаңғыртатын мейрам. Жалпы қала бойынша 30-ға жуық киіз үй тігілген. Әр ұлт өз дәстүріне сай жабдықтаған. Биыл мерекенің тағы бір ерекшелігі, ұлттық киім киюден байқау ұйымдастырылды. Ең әдемі киім үлгісін көрсеткен адамға арнайы сыйлық жасалмақ. Дәл қазір мерекенің қызған шағы. Орталық алаңға жиналған жұрт спорттық ойындарды тамашалап, сахнадан ән мен күй төгіліп жатыр. Күн райы да ерекше болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы