379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда биыл Наурыз мейрамы әлеуметтік сипатқа ие болды

  • 208
  • UPD: 13:48, 22.03.2019

Әз Наурызды Жайықты жағалай қонған батысқазақстандықтар да кеңінен тойлап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлыстың ұлы күні кеше Орал қаласында барлық сән-салтанатымен атап өтілсе, бүгін мереке аудан-ауылдарда мазмұнды шаралармен айшықталды.

Ұлыстың ұлы күнінде ағайынның арасындағы өкпе-наз кешіріліп, келісім мен сыйластық салтанат құрған. Қаһарлы қыстың қиындығын артта қалдырып, күлімдеген көктемге аман жеткен жұртшылық өзара қауышып, шат-шадыман болған. Дәл қазір Бәйтерек ауданының халқы осындай көңіл-күйде. Аталған ауданда мереке биыл 14 наурыздан басталды. Алаң төріне ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, әрбір атаулы күн мазмұнды шаралармен айшықталды. Наурыз тойы әлеуметтік сипатқа ие болып, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қамқорлық көрсетілді. Тағы бір ерекшелігі – ауданның жаңа жылды жаңа атаумен қарсы алуы. Биыл қаңтар айында аудан атауы Зеленовтан Бәйтерек болып өзгертілген болатын.

Ауыл тұрғындары Наурыз мейрамын атап өтуге жаппай жиналуда. Осы жерде жаңа ғана театрландырылған көріністің шымылдығы түрілді. Спорттық сайыстар да қатар жүруде. Ұлттық ойындар ойнатылып, салт-дәстүріміз насихатталуда. Бір сөзбен айтқанда, жаңа жылға аман жеткен ағайын ақ тілектерін жаудырып, арқа-жарқа болуда.

Хабар 24 телеарнасы