377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда ҚХА мүшелері тұрғындарға 200 келі палау мен 100 келі бауырсақ таратты

  • 164
  • UPD: 14:10, 22.03.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясы тағы бір этномәдени бірлестікпен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтауда дүнген орталығы ашылды. Бүгін олар өзге де этномәдени бірлестіктермен бірге теңіз жағалауында Наурыз мерекесін тойлап жатыр.

Гүлмира Әбішева, тілші:

– Аймақтағы барлық этномәдени бірлестіктер бірігіп, теңіз жағалауына 300 киіз үй тігіпті. Өздері мұны Ынтымақ ауылы деп атаған. Бұл ауылда қазір мерекелік думан қыза түскен. Түрлі ұлттың әні шырқалып, биі биленуде. Барлығы да көңілді, бір үйдің баласындай тойлап жатыр.

Ассамблея мүшелері қазақтың салт-дәстүрлерін де дәріптеуде. Олар қыз ұзату дәстүрін көрсетті. Сыңсу айтып, қыздарын өзге елге шығарып салуда. Сонымен қатар түрлі ұлттың тағамы қойылған мерекелік дастархан жайылды. Мұнда грузин хачапуриі, Әзербайжанның долмасы, орыс құймағы бәрі бар. Сонымен қатар ассамблея мүшелері Наурызға жиналған халыққа 60 келі бауырсақ пен 80 келі палау таратты. Қазір менің қасымда «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Амангүл Жайылханова тұр.

Гүлмира Әбішева, тілші:

– Бүгін Ақтауда теңізді жағалай 26 киіз үй тігілді. Сол жақта қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Ал былтыр пайдалануға берілген алып дала сахнасында аймақтың өнерпаздары концерт қоюда. Сәлден соң жыршылардың байқауы өтеді. Асық ату, арқан тарту сияқты ұлттық ойындардан да сайыстар ұйымдастырылады.

Хабар 24 телеарнасы