376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде Наурыз мерекесі қоныс тойына ұласты

  • 198
  • UPD: 16:25, 22.03.2019

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа баспанаға қол жеткізген жастар бүгін аулаға киіз үй тігіп, көпшілікпен бірге думандатуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өңірде жұмысшы жастардың пәтер алуы үшін жеңілдетілген несие жүйесі қалыптастырылған болатын. Алғашқы 100 азаматқа баспана кілті табысталып та үлгерген.

Мансұр Есқожин, тілші:

– Баспаналы болған жастардың қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі осыдан санаулы жыл бұрын шаһарымыздың бұл тұсы иен дала болатын. Ал қазір қарқынды дамып келе жатқан заманауи шағын ауданға айналды. Мемлекеттік бағдарлама аясында жастардың да баспаналы болуы көпшіліктің көңілінен шыққан.

Бастапқы жарнасына 350 мың теңге жиналса болғаны. Бұл жобаға 29 жасқа дейінгі жұмыс жасайтын жастар қатыса алады. Бір-бірімен енді ғана етене танысып жатқан бозбала мен бойжеткендер бүгінгі Наурыз мерекесінде қоныс тойын да көп болып атап өтуді жөн деп шешіпті. Ал ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар мерекелік дастархан басында жастарға батасын беруге жиылды.

Хабар 24 телеарнасы