378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда мереке тойланып жатқан алаң «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сай безендірілді

  • 142
  • UPD: 16:26, 22.03.2019

Самарқанның көк тасы жібеген, Ұлыстың ұлы күнін солтүстікқазақстандықтар да кең көлемде атап өтті.

Ерекшелігі сол, биыл мереке Қазақстан Республикасының бірінші Президенті саябағында ұйымдастырылды. Бұдан бөлек бұл алаң Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сай безендірілді. Яғни 7 ақшаңқан киіз үй тігілді. Атап айтсақ, «Ұлы жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Алтын адам», «Аң стилі», «Ұлы даланың ежелгі металлургиясы», «Түркі дүниесінің бесігі» және «Атқа міну мәдениеті». Яғни аталған шаңырақтардың барлығында сол кезеңдерде сыр шертер құнды жәдігерлер қойылды. Осылайша тұрғындар олардың тарихымен танысуға мүмкіндік алды. Айта кету қажет, келушілердің көбін «Ботай» қонысы қызықтырды.

Әлия Үсейінова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

– Осы күнге дейін жалпы «Ботай» қонысында 100 мыңнан артық жылқының сүйектері табылса, 10 мыңнан артық артефактілер табылған. «Ботай» қонысы және жылқы мәдениеті жайлы көрсету мақсатымыз –тарихи-мәдени құндылығымызды сақтау.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы