379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстіктен Қарқаралыға көшіп барған тоғыз отбасыға жергілікті кәсіпкер үй алып берді

  • 121
  • UPD: 16:25, 22.03.2019

Ұлыстың ұлы күні Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына еліміздің оңтүстік өңірінен 9 отбасы көшіп барды.

Ардақ Асылханұлы, тілші:

«Елге ел қосылса – құт», – дейді қазақ. Сонау Шымкент қаласынан ат терлетіп шыққан көштің алды дәл қазір Қарқаралыға келіп жетті. Оларды аудан жұрты үлкен қошеметпен қарсы алды. Ақындарымыз арнау айтса, әжелеріміз шашу шашты.

Бұл 9 отбасының барлығы, шамамен 60-қа жуық адам аудан орталығынан 50 шақырым қашықтықтағы Қоянды ауылына қоныстанады. Кезінде әйгілі Қоянды жәрмеңкесі өткен бұл өлкенің жері шұрайлы, төрт түлікті өргізуге таптырмайтын мекен дейді жұрт. Сондықтан көшіп келіп жатқан азаматтардың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысамыз деп отыр. Әрі бау-бақша өсірсек деген жоспарлары бар. Ал егер кәсіп ашамын дегендер болса, жеңілдетілген несие беру жағы да қарастырылған. Олардың барлығына жергілікті кәсіпкер Нұрлан Қалтаев өз қаржысына үй сатып алып берді. Ал жергілікті билік азын-аулақ малмен көмектеспек.

Ардақ Асылханұлы, тілші:

– Айта кетейік, қазір қонақтар Қарқаралыда өтіп жатқан Наурыз думанын тамашалауда. Мұнда мерекелік көңіл-күй керемет. Ал кешке таман қонақтар Қоянды ауылына барып, құтты шаңырақтарына қоныстанбақ.

Хабар 24 телеарнасы