379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әділет министрлігі елорда атауын ауыстыру ретін түсіндіріп берді

  • 162
  • UPD: 17:03, 22.03.2019
Әділет министрлігі елорда атауын ауыстыру ретін түсіндіріп берді

Әділет министрлігі елорданың атын ауыстыру процесін Конституция бойынша тізбектеп берді. Ата заңға өзгертулерді Парламент Конституцияның 53-бабы негізінде енгізе алады.

Яғни Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізе алады. 91-бап бойынша Конституцияға түзетулер республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Референдум өткізу туралы бастама құқығы Парламент немесе Үкіметке берілген. Ал оны өткізу немесе бас тарту туралы шешімді Президент қабылдайды. Бұл ретте егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Елорданы қайта атау туралы Конституцияға түзетулер жоғарыда көрсетілген рәсім бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы