389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыстың Ұлы күніне арналған қойылымдар бас қаланың бірнеше алаңында өтті

  • 785
  • UPD: 23:23, 22.03.2019

Көктемнің жарқын мерекесі - Ұлыстың ұлы күні елорда төрінде думандатып тойланды. Шаһардағы алаңдар мен тұрғын үй алаптарына ақ боз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылып, мерекелік концерт қойылды. Ұлттық ойындар ойнатылды.

Наурыз - Жер-Ананың бусанып, табиғаттың түлеген сәті. Бұл күнде тіршілік атаулы жаңарып, жадырайды. Мұны ел астанасындағы алаңдарға келіп жатқан көпшіліктің көңіл күйінен-ақ байқауға болады. Күн нұры да ерекше жылылық сыйлап тұрғандай.

Ұлыстың Ұлы күніне арналған қойылымдар бас қаланың бірнеше алаңында өтті. Соның бірі Экспо қалашығында. Мұнда ақ шаңқан үйлер тігіліп, филормония әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Наурыз мерекесі бізге молшылық бақыт бейбітшілік әкелсін. Елімізде тыныштық болсын. Осындай қазақ елінде Қазақстандықтарда тек қана жақсылық бақыт жылы болсын. Рақмет.

Ал құрметті қазақ халқы мына келген жаңа жыл наурыз құтты болсын. Ел бақытты болсын қазақ елі көркейе берсін қазақтың жастары өсе берсін. Елім аман болсын, жылдан жылға наурызға жете беріңдер.

-Олай болса шырқап әнге салайын,

Наурыз тойың құтты болсын, ағайын,

Ұлыс күні патша болып сайланған,

Жаңа патша құтты болсын, ағайын. 

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңаратын, күн мен түн теңелетін ұлыстың ұлы мерекесі Елордада да думандатып тойланып жатыр. Қазақ елі монументінің алаңында қараша үйлер тігіліп, ұлттық ойындарымыз салт дәстүрлеріміз дәріптелуде.

Сондай-ақ дәл осы алаңда көптен бері көріспеген көрші қолаң бір-бірін құшақ жая қарсы алып, амандық саулық  сұрасты. 

Ал бүгін халқым, ақ түйенің қарны жарылған күн. Әз-Наурыз құтты болсын. Құт береке әкелсін жаңа жылымыз. Басымыз аман, деніміз сау болсын. Құдайдың берген берекесін ұстап жүре берейік. Әмендә аспанымыз ашық, халқымыз тыныш болсын.

- Мен Екібастұз қаласынан келіп тұрмын. Мен Астанада бірінші рет Наурыз мейрамын қарсы алып тұрмын. Өте қуаныштымын. Халқымызға тыныштық тілеймін. Жастарымыз аман болса екен деп тілеймін. Келешек жастардан үміт күтеміз. Құдай, тек тыныштықта өмір сүре берейік. 

Ұлық мерекені ұлықтауда жастар ерекше белсенді, бірі құмай тазымен келсе бірі бүркітті көпке көрсетті. Ұлттық ойындарымыздан өткізілген жарыстарға қатысып бағы жанғандар балуан атанды. Сонымен қатар жиылған көпшілік жайылған дастарханнан дәм ауыз тиіп, бір-бірін мерекемен құттықтады. Наурыздан Наурызға аман жетуге тілеулестік білдірді.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы