389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде Наурыз мерекесін тойлауға 400 мың адам жиналды

  • 554
  • UPD: 20:46, 22.03.2019
Ақтөбеде Наурыз мерекесін тойлауға 400 мың адам жиналды

Жылдың басы - наурызды ақтөбеліктер бірнеше күннен бері тойлап жатыр. Қала бойынша 100-ден астам киіз үй тігілді.

Басты мерекелік шаралар Тұңғыш Президент атындағы саябақ пен «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында өтіп жатыр. Облыс бойынша кемінде 400 мың адам мерекені тойлауға шықты. Аудандар мен елді-мекендерде мыңнан астам шара ұйымдастырылды. Жер- жерде қазан асылып, наурыз көже ұсынылды. Спорттық сайыстар өтіп, ұлттық ойындар ойнатылды. Ұлыстың ұлы күні 80 мың литрге жуық көже, 33 тонна палау мен 52 тонна бауырсақ пісірілді.Тағы бір айта кететін жәйт, ақтөбеліктер үшін биылғы наурыздың бір ерекшелігі-қаланың 150 жылдығына орай түрлі байқау жарияланды. Яғни «үздік көше», «үздік үй», «үздік алаң» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталады.

- Аспандарың ашық болсын, халқымыз аман болсын, ел тоқ болсын! Ешқандай жамандық көрмей, ойнап-күліп осылай тойлап жүре берейік. Бақытты болыңдар бәрің де!

- Құтты болсын деймін, көктемнің көк мейрамы халқымызға берекет әкелсін, бақыт әкелсін.

- Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Бүгінгідей күн көп болсын. Молшылық босын, аман болайық, сау болайық, бар болайық, бай болайық. Наурыздан наурызға бас аман жете берейік. Наурыз құтты болсын!

Хабар 24 телеарнасы