379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 200-ге жуық бұлақтың көзі ашылды

  • 148
  • UPD: 07:50, 23.03.2019
Қарағанды облысында 200-ге жуық бұлақтың көзі ашылды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында 200-ге жуық бұлақтың көзі ашылды.

Әр көктемде өткізіліп тұратын тағылымды шараға ауыл ақсақалдары, жастар жаппай қатысты. Мамандардың айтуынша, Қарқаралыдағы 112 мың гектар аумақты алып жатқан ну орманда өсімдіктің 700-ден астам түрі өседі екен және аң-құстың 190 түрі мекендейді. «Мақсатымыз – табиғаттың осы байлығын сақтап қалу», – дейді жергілікті жұрт. Соңғы жылдары игі жұмысқа ерікті түрде қатысатын белсенді жастардың қатары артып келеді. Биыл да мектеп оқушылары бір кісідей орманға бет түзеп, құстың ұясын орнатты, қыстан қалған күл-қоқысты жинады. Сонымен қатар орманның санитары саналатын құмырсқаның илеуін қоршауға алып, маңайын тазалады.

Тілек Сәдуақасов, Қарқаралы қаласының тұрғыны:

- Әз-Наурызымыз келді. Осыған байланысты қазақта көптеген жоралғылар бар. Соның бірі – бұлақтың көзін ашу. Бұлақтан бүкіл тіршілік нәр алады ғой. Үлкендер келешек жастарға үлгі болу үшін осы дәстүрді жалғастырып келеміз.

Хабар 24 телеарнасы