378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда 100 келі бауырсақ пен 200 келі палау таратылды

  • 128
  • UPD: 10:52, 23.03.2019
Ақтауда 100 келі бауырсақ пен 200 келі палау таратылды

Ұлыстың ұлы күні Маңғыстау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы тағы бір этномәдени бірлестікпен толықты.

Ақтауда дүнген орталығы ашылды. Бүгін олар өзге де этномәдени бірлестіктермен бірге теңіз жағалауында Наурыз мерекесін тойлады. Ассамблея мүшелері 3 киіз үй тігіп, ынтымақ ауылына 30 ұлттың баласы жиналды. Қыз ұзату дәстүрін көрсетті. Сонымен қатар түрлі ұлттың тағамы қойылған мерекелік дастархан жайылды. Мұнда қазақтың қазы-қартасы, грузин хачапуриі, әзербайжанның долмасы, орыс құймағы дейсіз бе, бәрі бар. Этномәдени бірлестік мүшелері мерекені тойлауға жиналған халыққа 100 келі бауырсақ пен 200 келі палау таратты. Жалпы, бүгін Ақтауда теңізді жағалай 26 киіз үй тігілді.

100 мыңдай халық жиналды. Қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өткізілді. Былтыр пайдалануға берілген алып дала сахнасында кәсіби жыршы-термешілердің байқауы өтіп, жырсүйер қауымның құлағының құрышын қандырды.

Амангүл Жайылханова, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы:

- Бұл шара біздің өзіміздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да Тәуелсіздік алғалы осы 30 жыл ішінде қосқан ерен еңбегінің жемісі. Себебі ол кісінің еңбегі айтарлықтай деп айтуға болады. Себебі біз бүгін татумыз, біргеміз, бір шаңырақ астындамыз. Біз бір халық, бір тағдырмыз!

Хабар 24 телеарнасы