379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 50-ге тарта киіз үй тігілді

  • 134
  • UPD: 15:07, 23.03.2019

Қарағанды халқы Ұлыстың ұлы күнін кең ауқымда тойлап жатыр.

Қалада 50-ге тарта киіз үй тігіліп, жергілікті халыққа мерекенің сәнін келтірген түрлі шаралар ұйымдастырылған. Әр киіз үйдің ішінде салт-дәстүрді дәріптейтін экспонаттар қойылған.

Қала орталығында орналасқан сахнада «Наурыз Думан» атты концерттік бағдарлама келушілерді ләззатқа бөледі. Сонымен қоса «Наурыз – еліміздің ұлы күні» ұранымен театрландырылған қойылым да ұсынылды.  Көпұлтты Қазақстанда тұратын этномәдени бірлестік өкілдері де барынша өздерінің мерекеге арнаған қызықты бағдарламаларын ортаға салды. Орталық саябақта тігілген әр киіз үйдің ішінде халыққа қызықты көріністер ұйымдастырылған. Оның ішінде қала мектептерінің қолымен жасалған роботехника бұйымдарында кездестіруге болады.

50-ден астам киіз үйлердің ішіндегі ерекшесі облыстық тарихи және өлкетану мұражайының қорындағы экспонаттарды ұсынған этномузей киіз үйі. Мұнда келушілер бесікке салу, қалыңдықты шымылдыққа отырғызу, диірмен тарту, жүннен жіп иіру сынды түрлі салт-дәстүрлерді тамашалады. Жергілікті халық Наурыз мейрамына тігілген киіз үйлерге екі күн қонақ болады.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Хабар 24 телеарнасы