377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы мекемеде Наурыз бір ай бойы тойланады

  • 167
  • UPD: 17:03, 23.03.2019

Ұлы даламызға ұлық мереке Наурызды ай бойы тойлайтын мекемелер де бар.

Солардың бірі – Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ғылыми-практикалық орталығы.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы Айбек Мейрамұлы бүгінде Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ғылыми-практикалық орталығында қоғаммен байланыс бөлімінде қызмет етеді. Оның айтуынша, 14 наурыздан бастап кеңсе іші толық қазақи нақышта безендіріліп, үзіліс сайын дәлізде ұлттық күй ойналып тұрады.

Айбек Мейрамұлы, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ҒТО қоғаммен байланыс маманы:

- Әлемнің тойлап алты құрлығы алыстан естілгендей, дүбір үні, Самарқанның көктасы ерігенде, Сарыарқаның сезілді жылылығы. Ырыс пенен бастауы берекенің Ұлыстың құтты болсын ұлы күні деп, күллі қазақ елін Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мейрамымен құттықтаймын.

Биылғы Әз-Наурызды Мәдениет пен спорт министрлігінің өкілдері жаңа әрі төл форматта атап өту керектігін баса айтқаны белгілі. Осыған байланысты «Тіл қазына» орталығының ұжымы 14-і күні «Амал» мерекесінде көрісіп, мекеме бөлімдеріне «Амал», «Береке», «Құт», «Ырыс», «Лұғат», «Жастар» деген ауыл атауларын берген. Күнделікті жұмыста ұлттық киімді де ұмыт қалдырмаған қызметкерлер қатары артқан.

Бақытжамал Мұқышқызы, есепші:

- Осы 14 наурыздан бастап Наурызды жақсы деңгейде тойлап жатырмыз деп ойлаймын. Төрт түлік мал төлдеп, малдың аузы көкке жетіп, адамдардың аузы аққа тиіп, Жер Анамыз босанып, Самарқанның көк тасы жібитін жақсы мереке, ұйқыда жатқан аңдар оянады, көктегі құстар оралады.

Сондай-ақ орталық қызметкерлері «Тегіңді түзеу – тектілік» эстафетасын бастады. Жоба мақсаты – төлқұжаттағы жат қосымшалардан арылу арқылы ұлттық бірегейлікті нығайту.

Авторлары: Мейірлан Алтынбек, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы