379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел астанасының атауын өзгертуге қатысты оралдықтар пікір білдірді

  • 188
  • UPD: 18:11, 23.03.2019

Еліміздің дамуында, соның ішінде сәулетті астананың бой көтеруіне бастамашыл болған Елбасының еңбегі зор.

«Ұлт көшбасшысының есімі заманауи мемлекет құрып, Сарыарқа төсінде жаңа елорда салған сарабдал саясаткер ретінде тарихқа енуі тиіс», – дейді оралдықтар.

Роза Сыйықова, облыстық газеттің бас редакторы:

– Бас қалаға Елбасының атын беру – өңірдегі көшелердің аттарын Елбасы есімімен атау Қазақстанды біріктіру, қазақстандықтарды ұйыстыру.

Галина Самойлова, журналист:

– Астана тәуелсіздік жылдарында жеткен жарқын жетістігіміз болатын. Ал осынау заманға сай сәулетті қаланың бой көтеруіне бірден бір бастамашы болған Елбасының есімі астана атауымен қатар аталуы заңды. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы құрылыстардың жобасын өзі сызып, сәнді сәулетті шаһар болуына тікелей атсалысты.

Хабар 24 телеарнасы