379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде бірнеше диаспора өкілдері Наурыз мерекесін атап өтті

  • 139
  • UPD: 19:16, 23.03.2019

Мәскеудегі ұлттар үйінде де Наурыз мейрамы тойланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келушілер киіз басып, ұлттық дастарханға қойылатын астың түр-түрін әзірледі. Ұйымдастырушылар биылғы мерекені осылай шеберлік сағаттары ретінде ұйымдастырыпты.

Ұлттық тағамдар, ән мен би, қолөнер туындылары. Дәл осылай Мәскеудегі ұлттар үйі күн мен түннің теңелуін атап өтті. Бірнеше диаспораның өкілдері бірігіп, қонақтар үшін мерекелік шеберлік сағатын ұйымдастырды. Қырғыздар киіз басу мен құрақ көрпе тігуді үйретсе, әзербайжандар ұлттық биін биледі. Қазақтар бауырсақ пісіріп, наурыз көже дайындады. 

Шынар Махтаева, мейрам конағы:

– Мұнда тұратын қазақтар бұл мейрамды асыға күтеді. Себебі тұрған жерден алыс өмір сүріп жатыр. Наурыз аса маңызды мейрам болып есептеледі.

Мәскеудегі ұлттар үйі Наурыз мерекесін биыл он бесінші мәрте тойлап отыр.

Алексей Дрожжин, мәскеулік ұлттар үйі директорының орынбасары:

– Біздің ұлттар үйі бұл мерекені отбасылық мейрам ретінде ұйымдастырды. Мәскеуліктер дәл осы Наурызда түркі мәдениетін жақынырақ тани түседі. Себебі мұнда әр елдің салт-дәстүрі көрсетіледі, ұлттық тағамдары ұсынылады. Сондай-ақ ән тыңдап, би билеп, қолөнер туындыларын тамашалай алады.

Мерекені тек мәскеуліктер ғана емес, шетелден келген қонақтар да қызықтады. Америкалық Джим Тилтон көп уақыт Қырғызстанда тұрған екен. Сол себепті Наурызға отбасымен бірге дайындалады.

Осылайша, Мәскеудегі түркі тілдес диаспора өкілдері жылына бір рет бас қосып, атаулы мерекені бірге атап өтеді.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы