377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украиналық профессор қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

  • 135
Украиналық профессор қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Мерекеге орай жаһанның түкпір-түкпірінен келіп жатқан құттықтау, тілектер әлі толастаған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан халқын Шевченко атындағы Украина ұлттық университетінің ректоры Леонид Губерский құттықтады. Философия ғылымдарының докторы, профессор Леонид Губерский «Украина – Қазақстанды өзінің сенімді серіктесі деп біледі. Қос мемлекеттің тарихи байланысы да тереңде», – дейді.

Леонид Губерский, Шевченко атындағы Украина ұлттық университетінің ректоры:

– Біз Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Елге ыстық сәлемімді жолдағым келеді. Украина мен Қазақстан – тарихы ортақ, тамыры тереңде жатқан мемлекет. Байланыс артып, достығымыздың бекем болуын тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы