377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел астанасының атауын өзгертуге қатысты талдықорғандықтар пікірлерімен бөлісті

  • 182
  • UPD: 20:43, 23.03.2019

Елорданың Нұр-Сұлтан болып өзгеруі – Елбасына деген құрмет.

Талдықорғандықтар осындай пікір білдіріп отыр. Олар Н.Әбішұлының халқы үшін сіңірген еңбегіне берер оң бағамызды осылайша дәләлдейміз дегенді алға тартып отыр.

Ғалиасқар Сарыбаев, «Nur Otan» партиясы ОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Біз текті халықтың ұрпағымыз. Сол себептен Елбасымызға қандай сыйлық болса да, мерейлі нәрселер жасасақ та артық емес деп ойлаймын. Астана қаласына Нұрсұлтан Әбішұлының атына беру лайық деп ойлаймын.

Аманғазы Шегіров, Талдықорған қаласының құрметті азаматы:

– Мен өте қуаныштымын. Себебі елорданың дамуына Елбасының еңбегі ұшан-теңіз. Сондықтан бас қаланың Елбасы есімімен аталуын қолдаймын.

Хабар 24 телеарнасы