384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дархан Мыңбай: Елбасы мен елорда – біте қайнасқан ұғым

  • 553
  • UPD: 20:24, 23.03.2019

Елбасы мен елорда біте қайнасқан ұғым.

Сондықтан астананы «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту – көптің көкейінде жүрген тілек, қисынға келетін ниет. Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбайдың пікірі осындай.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі:

– Бұл қаланы іргетасынан бастап тұрғызған Елбасы. Сондықтан да Елбасы мен астана біте қайнасып кеткен ұғым екенін екінің бірі біледі. Оның үстіне Астана атауын берген яғни жаңа топонимикалық бастаманың авторы да Елбасы. Біздіңше, бір-біріне синоним сияқты дүние жүзінің картасына түссе, Қазақстан үшін мақтаныш емес пе?! «Астана» брендін көп айтамыз. Ол халқымыздың береке бірлігі, Елбасының табандылығының арқасында қалыптасты.

Хабар 24 телеарнасы