384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бақытгүл Хаменова: Ұлтының ұлылығын әлемге танытқан Елбасыға алғыс

  • 660
  • UPD: 20:44, 23.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты мен даралығын бағалау Қазақстан халқының еншісінде.

Ал халықтың даналығы өз ұлтын дүние жүзіне таныта білген перзентін құрметтеуінде жатыр. Бұл ˜– Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменованың пікірі.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі:

– Расында да Қазақстан мемлекетін әлемдік аренада танымал қылған Елбасының еңбегін ешкім де жоққа шығара алмайды. Бұған дейін де мен азаматтық көзқарасымды айттым, айта да берем. Қазақ елінің барлық құрметіне лайық тұлға – Нұрсұлтан Әбішұлы. Ендігі міндет – балталаса да бірлігі бұзылмайтын бүгінгі таңда бірлігімізді одан әрі нығайтып, Елбасы белгілеп берген межеден түспеуіміз басты біздің мақсатымыз болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы