379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілмейді

  • 157
Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілмейді

Семейде Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзенді мұқият шолып шыққан құтқарушылар осындай байламға келіп отыр. Қазір мұздың қалыңдығы 60-70, судың деңгейі 209 сантиметр болып тұр. Қауіпті меже – 450 сантиметр. Ауа райы да наурыз айының басынан күндіз 3-4 градус жылы, түнде 5-10 градус суық болғандықтан, бұл қалың қар мен мұздың ақырындап еруіне мүмкіндік берді. Ал кешеден бері сынап бағанасы 10 градусқа дейін көтеріле бастады. Сондықтан Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандарынан құрылған арнайы топ Семей қаласындағы жағдайды жан-жақты зерделеп жатыр.

Нұрлан Мадияров, облыстық ТЖД басшысы:

– Қазір біз Ертіс өзенін Семей қаласынан бастап Павлодар облысына дейінгі аумақта толық зерттеп, тексеріп жатырмыз. Былтырғыға қарағанда, аса үлкен қауіп байқалмайды. Тоң жібіп келеді, өзендегі су да мұздың бетіне жайылмай, қалыпты ағып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы