380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әділет министрлігі: Елорданы қайта атау туралы түзетулер Ата Заңға сәйкес енгізілді

  • 195
  • UPD: 22:21, 23.03.2019

Елорданы қайта атау туралы түзетулер Ата Заңға сәйкес енгізілді. Әділет Министрлігінің Заңнама департаментінің директоры Алмат Құрманғазыұлы осылай дейді.

Әділет министрлігі Конституцияның 91-бабында көрсетілгендей, астананы қайта атау үшін референдум өткізу туралы жарлық жобасын әзірлеген. Бұл ұсынысты Үкімет қаулы түрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберді. Заң бойынша мұндай жағдайда Президент, не оның өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлға үш шешімнің бірін қабылдауы тиіс.

Алмат Құрманғазыұлы, ҚР Әділет министрлігі заңнама департаментінің директоры:

– Президент мұндай мәселе түскен кезде оның алдында 3 жол бар. Біріншісі сұрақты референдумға жіберу, екіншісі мәселені парламентке жіберу және үшіншісі сұрақты мүлдем тоқтатып, референдумды тоқтатуға құқы бар. Бұл жолы Президент мәселені Парламентке беріп, Парламент конституцияға сәйкес, өзінің қос палатасының отырысында конституцияға өзгерістер енгізуге шешім қабылдады. Қабылданған заң әр палатаның спикерімен қол қоюымен және Премьер-министрдің қол қоюымен Президентке жіберіледі. Және бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев заңға қол қойып, оны күшіне енгізді. Және Конституцияға өзгерістер енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы