378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында барлық деңгейдегі әкімдер жаңа жүйеде жұмыс істейді

  • 141
  • UPD: 10:22, 24.03.2019
Жамбыл облысында барлық деңгейдегі әкімдер жаңа жүйеде жұмыс істейді

Жамбыл облысында барлық деңгейдегі әкімдер енді жаңа жүйеде жұмыс істейді. Өңірде облыс әкімінің орынбасарларынан бастап аудан, қала, ауылдық округ басшыларына арналған жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмі бекітілді.

Бұл бірінші кезекте олардың жұмыс тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін қолға алынып отыр. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлім болды.  Енді әкімдер кемінде айына бір рет халықпен кездесіп, олардың пікірін, проблемалары мен ұсыныстарын қарайды. Ал ауылдық округ әкімдері әрбір үйді жеке-жеке аралап, аз қамтамасыз етілген тұрғындардың әлеуметтік картасын әзірлейді. Сонымен қатар жергілікті тұрғындардың жерге, техникаға, кәсіпкерлік нысандарына сұранысы зерделеніп, проблемалардың дер кезінде шешілуіне ықпал етуге міндеттеледі.  Осы арқылы елдімекендердің әлеуметтік төлқұжаты, экономикалық дерекқоры жаңартылып, жасақталмақ.

Нұржан Календеров, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы:

- Нәтиже бүгінгі таңда әр сала бойынша,  әр елдімекен бойынша, әр жанұя бойынша бізде тиісті ақпарат болады. Және олардың тарапынан көтеріліп отырған сұрақтар, проблемалық мәселелер. Тұрғындардың қандай тауарларды тұтынатынына дейін ауылдың әкімі біліп, соны қағазға түсіріп, әрі қарай өзінің ұсынысын беріп мүмкін сол атуарларды сырттан алып келмей сол елдімекенде өндірудің жағдайын жасау керек шығар.

Хабар 24 телеарнасы