377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысының тұрғындары Астана атауының ауыстырылуын қолдайды

  • 394
  • UPD: 12:34, 24.03.2019

Қазақстанның астанасын Елбасының есімімен аталуын Алматы облысының тұрғындары қолдайды. Олар елордаға Нұр-Сұлтан есімі лайық, cебебі бас қала Елбасының  қолтаңбасы болып қала береді дейді. 

Данияр Қауас, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Сол қаланы өзі қалады, атын таныстырды. Нұрсұлтан деп атын қойғанға менің қарсылығым жоқ. Өте жақсы.

Айгерім Нұрғазықызы, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Бүкіл әлемге осындай Қазақстан, Астана деген қала бар екенін, Қазақстан деген мемлекет бар екенін сол кісі танытты. Сол кісінің арқасы. Сондықтан Астанаға Нұрсұлтан деген ат беру дұрыс деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы