379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Француздар елімізді Наурыз мерекесімен құттықтады

  • 168
  • UPD: 11:39, 24.03.2019
Француздар елімізді Наурыз мерекесімен құттықтады

Француз халқы  қазақстандықтарды наурыз мерекесімен құттықтады. Танымал тұлғалардың тілектерін еліміздің елшілік қызметкерлері әлеуметтік желілерге қойды.

Олардың арасында Марек Хальтер бар. Көрнекті жазушы екінші дүниежүзілік соғыс жылдары өмірін сақтап қалған қазақ халқына алғысын білдірді. Хальтерге кикбокстан әлем чемпионы Кристиан Бертели, Франция Ұлттық Ассамлея депутаты Пьер Кабаре, «Спейс» тобының музыканыты Дидье Маруани, «Астана» велокомандасы және Париждегі қазақтар қосылды. Ал «Такси» фильмінде басты рольді ойнаған әртіс Сами Насери қазақ халқын Ұлыстың ұлы күнімен басына тақия киіп қолына домбыра ұстап құттықтады.

Сами Насери, артист:

- Менің қазақстандық достарым. Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Наурыз құтты болсын. Сіздерге барлық жақсылықты тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы