379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚМДБ өкілі Астана атауын ауыстыруға қатысты пікір білдірді

  • 210
  • UPD: 15:45, 24.03.2019

Астана атауының өзгеруіне қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері де пікір білдірді.

Басқарманың бірінші наиб мүфтиі -  Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, Елордаға Нұрсұлтан деген атау беру - құптарлық іс.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, ҚМДБ бірінші наиб мүфтиі:

- Сол кісінің бастамасы ғой.  Сол кісі бастаманы елге ұсынып, алып келді. Енді қазір ел, халық ұсыныс беріп,  Елорданың атауын «Нұрсұлтан» деп ұсынып жатқаны да құптарлық іс. Қазақта сөз бар, «жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» дейді. Адам жақсылық жасады ма оны мойындй білу керек. Оны қадірлей, сыйлай білу керек.

Хабар 24 телеарнасы