379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалықтар Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

  • 135
  • UPD: 23:27, 24.03.2019

АҚШ-та Наурызға арналған той-думанның дүбірі басылған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Американың көптеген штаттарында Ұлыстың ұлы күніне арналған түрлі шаралар өтіп жатыр. Жиналған жұрт қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық ойынын тамашалап, бай дастарханынан дәм татты. Ұйымдастырушылар мұндай мерекелік шаралардың Қазақстанның тарихы мен мәдениетін насихаттауға пайдасы зор екенін айтады. Қазір өз есімдерін қазақша атауды әдетке айналдырған америкалықтар аз емес. Мәселен, Джо Роблес «қазақша атым Жәнібек» дейді.

Джо Роблес, Вирджиния штатының тұрғыны:

- Менің есімім – Жәнібек. Барлық қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Бұл күн мен түннің теңелген күні. Біздің Қазақстанда достарымыз көп. Соларға сәлем жолдап, бар жақсылықты тілейміз.

Майкл Броди, АҚШ университетінің профессоры:

- Маған Наурыз мейрамы қатты ұнайды. Қазақстанда жұмыс бабымен бірнеше мәрте болғанмын. Орталық Азияның осындай керемет мерекесін Америкада атап өту мүмкіндігін сыйлаған ұйымдастырушыларға рақмет.

Хабар 24 телеарнасы