379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық ғалымдар: Елбасының тарихи шешімі – нағыз кемеңгерлік

  • 170
  • UPD: 09:44, 25.03.2019

«Елбасының тарихи шешімі – нағыз кемеңгерлік», – дейді Сыр өңіріндегі ғалымдар мен азаматтық қоғам өкілдері.

Олар Тұңғыш Президентіміздің тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елімізді өркениет көшіне қосу жолында сіңірген еңбегін жоғары бағалап отыр.

Ғабит Тұяқбаев, филoлогия ғылымдарының кандидаты, доцент:

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемдік өркениеттің бұйдаұстар тұсына жеткізу деген болатын. Бүгінде қарап отырсақ, Қазақстан дүние жүзіндегі дамыған елу елдің қатарына енді.

Анар Ізден, үкіметтік емес ұйым өкілі:

– Азат ойлы азаматтары бар мемлекет құра білдік. Оның бір дәлелі – қоғамдық сектордың, азаматтық сектордың дамуы. Осы секторға әрдайым өзінің қолдауын көрсетіп отырды.

Хабар 24 телеарнасы