376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 500 адам кәсіпкерлік курсын оқуға кірісті

  • 158
  • UPD: 10:40, 25.03.2019

Солтүстік Қазақстан облысында 500 адам кәсіпкерлік курсын оқуға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бизнес бастау» бағдарламасының қатысушылары бір ай бойы тегін білім алып, бизнес жоспарын жүзеге асыра алады. Оларға қайтарымсыз қаржылай қолдау да қарастырылған.

Оксана Яркова бала күтімімен үйде отырып-ақ табыс табады. Ұлына төсек жабдықтарын жасап жүрген келіншек кенеттен кәсіпкерлікке бет бұрады. Қазір ол ана мен сәбиге арналған жамылғы, жастық, қуыршақ, қобдиша секілді бұйымдар тігеді.

Оксана Яркова, Якорь ауылының тұрғыны:

– 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Биыл бізге мол мүмкіндіктер ашылып жатыр. Мен де «Бастау бизнес» туралы естіп, жобаға қатысуға ниет білдірдім. Оқып болған соң, дүкен ашқым келеді.

Якорь ауылының тұрғыны Роман Горбачев та «Бастау бизнеспен» оқып жүр. Жас жігіт көлікті бес саусағындай біледі. Бұрын біреуге жұмыс істеп жүрген ол енді өз алдына кәсіп ашпақшы.

Роман Горбачев, Якорь ауылының тұрғыны:

– Мемлекет көмек беріп тұрғанда, мүмкіндікті пайдалану қажет. Қазір оқу оқып, көп нәрсені біліп жатырмын. Адам өз-өзін үнемі дамытып отыру керек. Сонда ғана жетістікке жетуге болады.

Қызылжар ауданында «Бастау Бизнес» жобасына жазылған жандардың жартысы – жастар. Жалпы биыл мемлекеттік бағдарламамен 1 мыңдай солтүстікқазақстандық кәсіпкерлік курсынан өтеді. Оған жұмыссыз жүрген кез келген адам қатыса алады.

Александр Бердниченко, облыстық кәсіпкерлер палатасы бөлімінің бастығы:

– Қатысушылар оқу кезінде бизнес жоспар жазады. Барлығын өздері санап, өздері шығарады. Қорқатын ештеңесі жоқ. Құжат жағынан біз көмек көрсетеміз.

Бұл ілкімді істің басы ғана. Өз-өзіне сеніп, өмірін өзгертуге талпынған тұрғындар курстан кейін несие алып, бизнес жоспарын жүзеге асыра алады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы