379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтар: Ел астанасының атын өзгерту – тарихи шешім

  • 116
  • UPD: 10:37, 25.03.2019

«Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімін бас қалаға беру елдің бейбітшіл ұстанымын айшықтай түседі», – дейді қостанайлықтар.

Ұлт көшбасшысы өзіне жүктелген тарихи миссияны қалтқысыз орындады. Қазақстан егемендігін алып, туын тігіп, іргесін бекітіп қана қойған жоқ, әлем жұртшылығы таныған тұлғалы мемлекетке айналды.

Марғұлан Оспанов, мәдениет қызметкері, ақын:

– Әлемнің картасында жаңа қала пайда болды. Ол біздің мәртебемізді, беделімізді көтеретін «Нұр-Сұлтан» деген жаңа қала. Неліктен бізге сол кісінің есімін астанамыздың атына бере отырып, Қазақстанды одан сайын гүлдендіре алмасқа. Әрине бұл мемлекетіміздің іргетасын қалап, бұғанасын қатайтуда еңбек сіңірген Президенттердің шаһарға есімін беру – әлемде бар дүние.   

Мәрияш Қадырәлинова, филология ғылымдарының докторы:

– Бір адам ақын да бола алады, архитектор да бола алады, басшы да, ғалым бола алады. Осының бәрі біздің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта.

Хабар 24 телеарнасы