378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана атауының өзгеруіне қатысты павлодарлық жастар үн қосты

  • 191
  • UPD: 10:44, 25.03.2019

Ертіс өңірінің жастары да елордамыз Астана қаласының атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуді дұрыс деп санайды.

Жас буын өкілдерінің пікірінше, Еуразия кіндігіндегі шаһарға Елбасының есімін беру – уақыт күттірмейтін іс. Себебі еліміздің Тұңғыш Президентінің ерен еңбегінің арқасында Отанымыз әлем елдерімен иық тірестіріп, жер-жаһанға танылды. Ал жастар қауымы сапалы білім мен саналы тәрбие алып, кез келген салада бәсекеге қабілетті білікті маман болу мүмкіндігіне ие. Жастар осының барлығы Елбасының арқасында қол жеткен игілік деп біледі.

Ғабит Хафиз, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің жастар белсендісі:

– Бүгінгі күні не бар, солардың барлығын нөлден құру керек болды. Сондықтан Елбасының аты болғаны құптарлық оқиға және де әлем картасында, жалпы Қазақстан картасында жаңа атау пайда болады. Елге тың ерпіліс береді деп ойлаймын. Және осы ұрпаққа, жастарға Елбасының өз өмірі және де жаңағы барлық қазақ халқын үшін жасаған барлық еңбектері – біз үшін үлкен өнеге.

Ақмарал Махаббат, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі:

– Астана қаласына «Нұр-Сұлтан» есімін беру дұрыс деп ойлаймын. Себебі Елбасының елге сіңірген еңбегі өте зор. Елбасының арқасында бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы